home home

Хабарландыру


Конкурс мәні:

 

         Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалар үшін 2019/2020 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы.

         Қарағанды  облысына 195 білім гранты бөлінді, оның ішінде педагогикалық ғылымдарға - 30, ақпараттық - коммуникациялық технологияларға, инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына, ауылшаруашылығы мен биоресурстарға - 165.

Бұл гранттар өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының топтарына бөлінетін болады.

 

Конкурс ұйымдастырушысы:

 

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды  облысының білім беру басқармасы

Пошталық мекенжайы: 100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 19, 18-кабинет

Байланыс телефондары: 8(7212) 41-22-81, 41-22-88

 

Конкурс туралы ақпарат:

 

Конкурс Қарағанды  облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 тамыздағы «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру жөніндегі Комиссияның Ережесі» № 47/03 қаулысына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа мамандықтар шегінде әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толық мүшелері болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген шетелдік немесе ұлттық аккредиттеу органдарында халықаралық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындары қатыса алады.

Конкурс қатысушылары дайындаған конкурстық тапсырыс мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

1. Жоғары оқу орнының өтінімі (13-қосымша)

2. Жоғары оқу орнының сауалнамасы (6-қосымша)

3. Жоғары оқу орнының ақпараттық картасы және 2019-2020 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстар (7 -қосымша).

*ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығы мен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына қосымша (2018 жылғы 28 мамырдағы №231 енгізілген өзгерістермен)

 Берілген қосымшалар қағаз және электронды нысанда ұсынылады.

 Ақпараттық картаның және мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша ұсыныстардың электрондық нұсқасын мына gu.nursultan@karaganda-region.gov.kz  электронды мекен жайға жіберу қажет.

 Конкурстық өтінімге ұсынылған құжаттар тігілген, нөмірленген, жоғары оқу орнының бірінші басшысының қолы қойылып, мөрмен расталуы қажет.

 Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер желімделген конвертте келесі мекенжайға жолданады:  100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 19, 18 кабинет.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2019 жылғы 24-29 шілде аралығында сағат 17.30-ға дейін.

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019-2020 оқу жылына арналған нысаналы трансферт есебінен көпбалалы және аз қамтылған отбасыларының балалары үшін жоғары білімді мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы

(нысаналы ағымдағы трансферт сомасы есебінен)

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – «Қарағанды облысының білім

басқармасы» мемлекеттік мекемесі

р/с

Білім беру саласының коды және сыныпталуы

Жоғары білім дайындау бағыттарының коды және жіктеуіші

2019-2020 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі

Оқу жылы ішінде 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге)

1

6B01 Педагогикалық ғылымдар

6B011 Педагогика және психология

2

443,3

6В012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы

2

443,3

6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау

2

443,3

6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау

10

443,3

6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау

4

443,3

6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

 

5

 

443,3

6В019 Арнайы педагогика мамандарын даярлау

5

443,3

2

6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

40

635,8

6B062 Телекоммуникациялар

10

635,8

3

6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

6B071 Инженерия және инженерлік іс

45

635,8

6B072 Өндірістік және өңдеу салалары

45

635,8

6B073 Сәулет және құрылыс

20

635,8

6B075 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)

5

635,8

Барлығы

195

 

 


Артқа оралу

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы