home home

Бөлім жаңалығы



Халықаралық олимпиада жүлдегеріне 150 000 сыйлық сертификаты берілді.


2019 жылғы 21-30 шілде аралығында Париж қаласында химия пәнінен өткен Халықаралық олимпиаданың қола жүлдегері Нұрпейісов Олжасқа Қарағанды облысы білім басқармасының тарапынан 150 000 теңгелік сыйлық сертификаты табысталды.

Нұрпейісов Олжас – Қарағанды қаласындағы №1 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»лицей-интернатының түлегі. Білім шыңын бағындырған талантты да дарынды оқушы 3 жыл қатарынан жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадада химия пәнінен жүлдегер атанып, облыс қоржынына 3 мәрте алтын әкелді. 2018-2019 оқу жылында Халықаралық олимпиадаларда 1 алтын, 3 қола жүлдеге ие болып, облысымыздың намысын қорғап, өзі оқып-білім алған білім ордасы – №1 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»лицей-интернатының абыройын асқақтатты. Осы орайда, Олжасты дүбірлі додаларға, білім бәйгелеріне баптап қосқан аталмыш лицейдің химия пәнінің мұғалімі Саматов Абылай Маранұлына, лийей директоры Игембердиев Қанат Әлімжанұлына, сонымен қатар ата-анасына алғыс айтамыз.

Олжас биыл Оңтүстік Кореядағы KAIST университетіне грантқа оқуға түсті. Олжасты барлық жеңістерімен құттықтаймыз. Ақ жол!


Артқа оралу


Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы